
«Сөйлейтін кітаптың» толық нұсқасын сатып алу шарттары (жария оферта).
Сатушы: ЖК Мырзаканов Д. У. · пошта: dmyrzakanov@gmail.com
«Сөйлейтін кітап — ағылшын грамматикасы A1–A2» интерактивті кітабының толық нұсқасына кіру құқығы: барлық сабақтар, оқу мәтіндері, қосымша тақырыптар, сценарийлер, сөз карточкалары, аудио және оқу құралдары. Тауар — цифрлық, кіру коды арқылы ашылады.
Бағасы: сайтта көрсетілген баға (жеңілдік, промокод не досыңның сілтемесі болса — төлем бетінде көрсетілген сома). Бір рет төленеді, мерзімсіз. Төлем Kaspi арқылы қабылданады: Kaspi сілтемесі не сатушы жіберген Kaspi шоты.
Төлем жасалып, код әлі берілмесе не ешбір құрылғыда іске қосылмаса, ақшаны толық қайтарып береміз — пошта не WhatsApp арқылы жаз. Код іске қосылғаннан кейін цифрлық мазмұн ашылған болып саналады; техникалық ақау болса, алдымен оны түзетеміз.
1–8 сабақ, 1-оқу мәтіні, алғашқы 2 сөз тақырыбы және мектеп бөлімі тегін. Сатып алмас бұрын оларды еркін байқап көруге болады.
Сайт «бар күйінде» ұсынылады. Микрофон, хабарлама және интернетсіз режим кейбір браузерлерде жұмыс істемеуі мүмкін (мысалы, Firefox микрофонды қолдамайды). Мазмұн авторлық құқықпен қорғалған: көшіруге, таратуға болмайды.
Өтінім жіберу және төлеу арқылы осы шарттармен және Құпиялылық саясатымен келісесің.
Соңғы өзгеріс: 19 қазан 2026 ж. Сұрақ болса: dmyrzakanov@gmail.com