Ағылшын сабағын сыныпта қызықты етіңіз
Сабақ проекторда слайд болып ашылады, оқушылар телефоннан жауап береді, ал сіз әр оқушының прогресін көресіз. Ережелер қазақша түсіндіріледі.
🧪 7 күн тегін байқауНе бар? ↓
Сабақта не істей аласыз
Барлығы сайтта, ешнәрсе орнатудың қажеті жоқ: проектор не интерактивті тақта және оқушылардың телефоны жеткілікті.
📽 Сыныпта көрсетуӘр сабақ — дайын слайдтар
- Жаңа сөздер суретімен, басса — дыбысы шығады
- Ереже және қазақ тілімен салыстыру
- Мысалдар, диалог, жиі қателер
- Жаттығулар — бір слайдта бір сұрақ, жауабы батырмамен
- Пультпен не пернетақтамен басқару
📱 Сыныптық ойынОқушылар телефоннан жауап береді
- Экрандағы QR-ды сканерлейді — тіркелу керек емес
- 4 түсті батырма, жылдам әрі дұрыс жауапқа көбірек ұпай
- Жауаптар экранда бағаналармен — кім түсінбегені бірден көрінеді
- 🏆 Рейтинг, сабақ соңында «шығу билеті»
🎲 Сабақ құралдарыМұғалімнің көмекшілері
- ⏱ Таймер және 🎲 «Кім жауап береді?» — кездейсоқ оқушы
- 👥 Командалар ұпайы, 🙈 «Қай сөз жоғалды?» ойыны
- 🎧 Сынып диктанты, ⚡ жылдам сөз жаттығуы
- 🎤 Хормен айту — микрофон бағалайды, ✏️ тақтаға жазу
🏫 Мұғалім бетіӘр оқушының прогресі бір кестеде
- Кім қай сабақта, дұрыс/қате жауаптары, жатталған сөздері
- 📝 Үй тапсырмасы мерзімімен, ✅ өз тесттеріңіз
- ⚠️ Сыныптың жиі қателері, 🎟 шығу билеттерінің нәтижесі
- 📋 45 минуттық сабақ жоспары, 👪 ата-аналарға есеп сілтемесі
📲 Телефон-пультСыныпты аралап жүріп басқарыңыз
Өз телефоныңызбен QR-ды сканерлесеңіз, слайдтарды ауыстыру, жауапты ашу, сұрақты оқушыларға жіберу телефоныңызда болады. Дұрыс жауапты тек сіз көресіз.
Оқушыға не береді
🇰🇿Қазақша түсіндірме48 грамматика сабағы (A1–A2), әр ереже қазақ тілімен салыстырылады.
🏫Мектеп оқулығы бойыншаEnglish Plus және Excel, 5–9 сынып — кітаптағы ретпен, бет нөмірімен.
🃏3 300+ сөз дауысыменКарточкалар, ойындар, күнделікті жаттығу, AI-көмекші.
Қалай бастаймыз
Тегін сынақ
Төмендегі формаға жазыңыз — бірден мұғалім беті және 5 оқушы коды.
Сыныпта байқаңыз
Сабақты проекторда ашып, «📱» батырмасымен телефон ойынын бастаңыз.
Бүкіл сыныпқа
Ұнаса, мектеп өтінімін қалдырыңыз — сынып санына қарай кодтар береміз.